×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Азаптауға қарсы шара: елдегі барлық түрмелер бейнебақылау камерасын орнатуға міндеттелді

06.03.2023, 09:28
Коллаж: Ulysmedia.kz

Елімізде түрмелер мен полиция мекемелерінде міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, қылмыстық қудалау органдары полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу (жарақтандыру және пайдалану) қағидаларын бекітті.

“Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды. Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды. Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған”, – деп хабарлайды ведомство.

Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады.

Органдар басшыларының бейнебақылау жүйелерінің жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету, пайдаланудың материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бейне архивтің сақталуы үшін тікелей жауапкершілігі көзделген.

Еске сала кетейік, Мұрат Адам ҚР ІІМ ҚАЖК 155/14 түзеу мекемесінде тұтқындарды азаптайтынын мәлімдеген еді. Адвокаттың айтуынша, қаңтар айының соңында 2001 жылы туған сотталушы Денис Воронцов аталған түрмеде физикалық азап пен медициналық көмек көрсетудегі әрекетсіздіктен кейін қайтыс болған. ҚР ІІМ ҚАЖД ЛА-155/14 әкімшілігіне қатысты қызмет бойынша әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істі Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасы тергеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары