Қазақстандықтардың барлығы емес, тек Premium-аккаунт иелері ғана. Бұл туралы Цифрлық даму министрінің Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен жүргізген келіссөздері барысында мәлім болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.YouTube өкілдері биылғы жылы Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады".Бағдат Мусин
Министрдің айтуынша, бұл - біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші.
"Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын қол жетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б. мүмкіншіліктер бар".Цифрлық даму министрі.