Синоптиктердің айтуынша, бұл ауа райы құбылысы осыған дейін болжанған, деп Ulysmedia.kz.
Қарағанды облысының көптеген өңірлерінде температураның төмендеуі, Ақтоғай ауданының оңтүстігінде жауын-шашын болатыны болжанды. Антициклондардың ықпалымен жауын жауып, арты қарға ұласты.
“Бұл антициклон бізге солтүстік-батыстан келді. Жауын-шашын оңтүстіктен циклон түрінде келді. Жылы және суық ауаның араласуы кезінде контраст пайда болып, қар жауды”, - деп түсіндірді “Қазгидромет” метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы Анастасия Грязнова.
Синоптиктердің айтуынша, 28 сәуірге дейін облыстың солтүстігінде түнде ауа температурасы төмен болады.
“Қазіргі уақытта ауданның оңтүстік-шығысында қар жауып жатыр. Дәл осы уақытта Ақадыр, Ақшатау, Ақжал, Мойынты, Киікті, Босаға, Ортау кенттерінде ақ ұлпа жауып тұр. Аудан бойынша жағдай тұрақты”, - деді Шет ауданы әкімі аппаратының бас маманы Олжас Төлеубаев.