×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«AMANAT» өкілдері жұмысшыларға баға тұрақсыздығын шешуге уәде берді

13.03.2023, 20:18
«AMANAT» өкілдері жұмысшыларға баға тұрақсыздығын шешуге уәде берді
Ашық дереккөз

«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалынан барлық деңгейдегі депутаттыққа кандидаттардың Кеңгір елді мекеніндегі келесі кездесуі «Ұлы Дала» гипермаркетінде өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Гипермаркет жұмыскерлерінің алтын уақытын алғысы келмеген кандидаттар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына қысқаша ғана тоқталып өтті. «AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, Ұлытау облыстық мәслихатына кандидат Бауыржан Қабденұлы сайлаушылардан алдағы сайлауға белсенді қатысуларын, еліміз үшін маңызды саяси науқанға бей-жай қарамау керектігін айта кетті.

Кандидаттың сөзін жалғаған Аманжол Дүйсенбайұлы жұмыскерлерден өздерінің толғандырып жүрген мәселелері болса ашық айту керектігін, өзекті мәселелерді алдағы кезеңде мандат бұйырып жатса, парламент төрінде қарастыруға болатындығын жеткізді. Ұжым қызметкерлерінің баға тұрақсыздығына байланысты көтерген ұсыныстарына партия бағдарламасының аясында бұл мәселелердің шешімі қарастырылатынын айтты.

Қаламыздағы ең ірі дүкендер желісінің Кеңгірдегі нүктесіне жиналған кандидаттар кездесуді аяқтап, жиын соңында гипермаркет жұмыскерлеріне үгіт-насихат парақшаларын таратты. Өз кезегінде ұжымдағылар Бас партияның жұмысына және сайлауалды бағдарламасына риза екендіктерін айтып, 19 наурыздағы саяси науқанда белсенді болып, дауыс беруге баратындарын жеткізді.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді