×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда басын қатерге тігетін құтқарушыларға қосымша ақы төлеу міндеттелді

14.03.2023, 08:22
Қазақстанда басын қатерге тігетін құтқарушыларға қосымша ақы төлеу міндеттелді
Sputnik

Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады. ҚР Үкіметі осындай Қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады.

Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді», - делінген Үкіметтің ресми сайтында.

ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.