×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

СҚО-да пара ретінде 300 литр бензин сұраған мемлекеттік аудиторға үкім шықты

14.03.2023, 16:12
СҚО-да пара ретінде 300 литр бензин сұраған мемлекеттік аудиторға үкім шықты
фото: ашық дереккөзден

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс материалдарына сүйенсек, 2021 жылғы қарашада Кенжебаев Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы тексеру нәтижелері бойынша келтірілген залалды өтей отырып, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жататын, лауазымды тұлғалардан анықталған бұзушылықтарды аудиторлық есепте көрсетпегені үшін 2,5 млн.теңге сомасында материалдық сыйақы алған.

Осы уақытта тексеру комиссиясы жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасында және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында аудит жүргізген, онда да бірқатар бұзушылықтар анықталды. Кенжебаев аудиторлар тобын басқара отырып, мемлекеттік органның басшысы Қошмановты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін облыс әкімінің атына нұсқама жіберудің орнына пара талап еткен.

«Қошмановпен жеке кездесу барысында Кенжебаев оған шара қолданбағаны үшін АИ-95 маркалы 300 литр бензинге талон түрінде материалдық сыйақы беру туралы заңсыз талап қойды. Қошманов өзінің жеке қаражатын жұмсағысы келмей, өзіне сеніп тапсырылған басқармадан 400 литрлік талондарды тегін алып, оның 100-ін жеке қажеттіліктеріне пайдаланды», - деді превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.

Заңсыз әрекеттері үшін Петропавл қаласы сотының үкімімен Кенжебаев мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, параның сомасын мемлекет кірісіне қайтарумен, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл жазасын өтейтін болды.

“Осы үкіммен сот Қошмановқа оған сеніп тапсырылған біреудің мүлкін жымқырғаны және пара бергені үшін параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, бұл шамамен екі млн теңгені құрайды”, – делінген Антикор хабарламасында.