×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада ұсталғандарды азаптаған полицей 5 жылға сотталды

15.03.2023, 13:08
Астанада ұсталғандарды азаптаған полицей 5 жылға сотталды
фото: ашық дереккөзден

Астанада бұрынғы учаскелік полицей ұсталғандарға газ баллонын қолданғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Байқоңыр аудандық соты мәлім етті.

"2023 жылғы 14 наурызда Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК 2-тармағының 362-бабы 4-бөлігі). Ол мемлекеттік қызметте жеті жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Іс материалдарына сүйенсек, 2022 жылғы 10 тамызда учаскелік полиция инспекторы К. заңды негіздерсіз әкімшілік хаттама жасау үшін жеткізілгендердің бетіне бірнеше рет көзден жас ағызатын газ шашқан, денелерін жарақаттаған.

Учаскелік полиция өз кінәсін мойындамады. Бұл ретте қорғаушы тарап кінә дәлелденбеуіне байланысты іс тоқтатылуы керек деп мәлімдеді.

"К. кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің, сарапшының айғақтарымен, сот-медициналық сараптамамен және істің басқа материалдарымен дәлелденді", - делінген сотта.

Сонымен қатар, ер адам "полиция капитаны" шенінен айырылды.