×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

АЭС салу мәселесі: Билік халықтың пікірін ескере ме

30.09.2021, 14:53
АЭС салу мәселесі: Билік халықтың пікірін ескере ме
Фото: Ашық дереккөздерден

Бұл сұраққа Үкіметтің бүгінгі отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевке қойылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ең әуелі сөзімді Қазақстан атом электр стансаларын салу туралы шешімнің әлі жоқтығын бастайын. Қазір бұл мәселе алғашқы талқылау сатысында тұр. Ең бірінші кезекте біздің эрергетикалық тұтыну балансы, елдің қажеттілігі зерттелуде», - деді министр.

Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, халықтың пікірі бұл ретте ескерілетінін мәлім етті.

«Елде кез келген ірі нысанның, АЭС болсын, жылу стансасы немесе оған ұқсас нысанның құрылысы, заңнамаға сәйкес, қоғамның, халықтың пікірі әлбетте, ескеріледі», - деді ол.