×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

«Аз уақыт қалды»: Әшімбаев үкіметтің тарауы жайлы

16.03.2023, 13:36
«Аз уақыт қалды»: Әшімбаев үкіметтің тарауы жайлы
Фото: Ашық дереккөзден

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев үкіметтің тарауы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сайлаудан кейін Үкіметтің құрама жаңара ма?» деп сұрады журналистер Әшімбаевтен.

«Қазақстан Конституциясы мен заңдарға сәйкес жаңа сайланған Мәжіліс (депутаттары) жұмысына кіріскеннен кейін Үкімет отставкаға кетеді және жаңа Үкімет жасақталады. Кімді премьер-министр ретінде ұсынады, қандай министрлер тағайындалады бұл президент құзыретіндегі шешімдер. Сондықтан менің бұл мәселеге араласуым дұрыс болмайды. Осыған байланысты сіздер күте тұрыңыздар. Аз уақыт қалды ғой. Келесі апта бұл мәселелеп шешіліп қалады», - дейді ол.