×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Биыл Өскеменде жол-көлік оқиғасы салдарынан 37 бала жарақат алды

30.09.2021, 18:20
ашық дереккөз

Осы жылдың 9 айында Өскемен қаласында 168 жол-көлік оқиғасы болып, онда 214 адам түрлі жарақат алса, төртеуі көз жұмған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қалалық полиция бөлімінде өткен дөңгелек үстелде биыл жол-көлік оқиғалары 6% төмендегені айтылды. Бірақ балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалар саны артқан: балалардың қатысуымен 31 жол-көлік оқиғасы болған.

«Кәмелеттік жасқа толмаған 37 бала түрлі жарақат алды. Өткен жылы жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 бала жарақат алған. Жарақат алудың жиі кездесетін себептері – жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кету мен көліктердің соқтығысып қалуы, - деп атап өтті Өскемен қалалық Полиция департаментіндегілер.
 

Серіктес жаңалықтары