Сайлау учаскелерінің ашылғалы көп уақыт өте қоймаса да, тәуелсіз бақылаушылар бірнеше бұзушылық тіркеп үлгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Еркіндік қанаты" қорының мәліметінше, учаскелер ашылған сәттен бастап мынадай бұзушылықтар тіркелген:
Астанадағы №23 учаскеде бақылаушылар жеке бөлмеге орналастырылған. Олар сайлау учаскесін терезе арқылы көреді.
Таңғы 8-де №2 сайлау учаскесінен "дауыстарды санау процесін фото және видеоға түсіргені үшін және комиссия мүшелеріне дөрекі қарым-қатынасы үшін" үшін бақылаушы шеттетілді (ЕҰУ жатақханасы). Айта кетейік, дауыстарды санау процесі тек 20:00-де басталады, ал бақылаушылар "ҚР сайлау туралы" Заңына сәйкес фото және бейнетүсірілім жасауға құқылы.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шымкент учаскелері сайлаудан бір күн бұрын дауыстарды "санап қойған".