×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақтөбедегі су басқан 11 ауылға сайлау бюллетеньдері қайықпен жеткізілді

19.03.2023, 19:50
Ашық дереккөз

Ақтөбе облысында су алған 11 ауылға сайлау бюллетеньдері қайықпен жеткізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаттықтың жазуынша, 11 ауылдың жетеуі – Қобда, төртеуі – Ойыл ауданында.

Қобданың Қанай, Байтақ,Сарыбұлақ, Жарық, Ортақ, Қоғалы, Көкүй ауылдарына бір аптадан бері көлік қатынамайды. Өйткені, бұл ауылдардағы тас жолдар мен көпірлерді су басып қалған.

Жағдай оңай емес. Бірақ сайлау өз деңгейінде, заң талаптарына сай өтіп жатыр. Су ортасында қалған жеті ауылдағы 993 сайлаушыға бюллетеньдерді полиция қызметкерлерінің бақылауымен жеткізіп бердік, - дейді Қобда аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Ақшолпан Оразова.

Ал Ойыл ауданындағы көлік қатынассыз қалған шағын ауыл тұрғындары да жексенбі күні дәл сондай амалмен түске дейін дауыс беріп болған.

Ойыл аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, су тасып көлік қатынай алмай қалған төрт ауылда 1018 сайлаушы тұрады.

Серіктес жаңалықтары