×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сағат 20:10-дағы жағдай: Қазақстан халқының 55 пайызға жуығы дауыс берді

19.03.2023, 20:09
Сағат 20:10-дағы жағдай: Қазақстан халқының 55 пайызға жуығы дауыс берді
Ашық дереккөз

ОСК мәліметтері бойынша, Қазақстанның 15 өңірінде Мәжіліс пен өңірдегі мәслихаттарға дауыс беру аяқталды. Қазақстанның 6 509 695 азаматы өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 % бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

1.             Абай облысы бойынша –57,02%

2.             Ақмола облысы бойынша –60,01%

3.             Ақтөбе облысы бойынша –57,45%

4.             Алматы облысы бойынша –60,03%

5.             Атырау облысы бойынша –50,22%

6.             Батыс Қазақстан облысы бойынша –59,01%

7.             Жамбыл облысы бойынша –65,21%

8.             Жетісу облысы бойынша –55,32%

9.             Қарағанды облысы бойынша –59,48%

10.           Қостанай облысы бойынша –65,10%

11.           Қызылорда облысы бойынша –66,46%

12.           Маңғыстау облысы бойынша –54,08%

13.           Павлодар облысы бойынша –58,68%

14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –65,25%

15.           Түркістан облысы бойынша –53,01%

16.           Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша –64,15%

18.           Астана қаласы бойынша –42,91%

19.           Алматы қаласы бойынша –25,82%

20.           Шымкент қаласы бойынша –45,46%

Уақыт белдеуінің айырмашылығына байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де аяқталады.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанда 19 наурызда сағат 7:00-де басталды. Еліміз бойынша барлығы 10 146 учаске жұмыс істеді.

ҚР ОСК деректері бойынша, 5 мыңға жуық қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді. Сондай-ақ, шетелде 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Ондағы 66 учаске әлі жұмыс істеп жатыр.