×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды

19.03.2023, 21:22
Сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды
Ашық дереккөз

Тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 22:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 57,2%

2. Ақмола облысы бойынша – 60,1%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 58%

4. Алматы облысы бойынша – 60,3%

5. Атырау облысы бойынша – 51,23%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%

11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

15. Түркістан облысы бойынша – 53,1%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

18. Астана қаласы бойынша – 42,91%

19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%

20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%

«Аумақтық комиссиялардың ақпаратына сәйкес, астана уақытымен сағат 22-00-де тізімдерге енгізілген 12 млн 35 578 азаматтың 6 млн 521 860-ы бюллетень алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды», - деді Константин Петров.