×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Сайлау қорытындысы: Көш басында Аманат – 53,9%, соңында Байтақ – 2,3%

20.03.2023, 18:08
Коллаж: ulysmedia.kz.

Орталық сайлау комиссиясы Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Кешеден бері 9 брифинг өткізілді, барлық ақпарат мүмкіндігінше шұғыл жеткізілді. Елде және шет елдердегі 10223 сайлау учаскесінде дауыс беру өтті”, – деді ОСК төрағасы.

Сайлауда 6 366 441 дауыс есептелген. Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижелері мынадай:

Аманат – 3 431 510 немесе 53,9%

Ауыл – 693 938 дауыс немесе 11,26%

Республика – 574 154 немесе 8,59%

ҚХП – 432 920 немесе 6,8%

Ақ жол – 535 139 дауыс немесе 8,41%

ЖСДП – 331 058 дауыс немесе 5,1%

Байтақ – 146 431 немесе 2,3%

Барлығына қарсы – 248 291 немесе 3,9%.

Кандидаттар асыға күтіп, соңғы бірнеше айда халықтың аузынан түспеген мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы кеше 19 наурызда өтті. Орталық сайлау комиссиясы 19 наурыз сағат 22.15-тегі жағдай бойынша халықтың 54,19 пайызы дауыс бергенін хабарлады. Миллиондаған дауыстың кімдерге бұйырғаны Exit poll сауалнамаларында айтылды.

Серіктес жаңалықтары