×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Мереке күндері Қазақстанда 20 мың полицей кезекшілікке шықты

22.03.2023, 08:51
Ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі мереке күндері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін 20 мыңға жуық полиция қызметкері қамтамасыз ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полицейлер елдегі жағдайдың тұрақты екенін атап өтті. Елорданың Жедел басқару орталығында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов облыстық басқармалардың қызметкерлерімен кеңес өткізді.

«Сіздерге жауапты міндет - осы мерекелерде қызмет ету жүктелді. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажет. Әрбір азаматқа және оның өтінішіне қамқорлық, жауапкершілік және ілтипат таныту қажет. Әдепті және дұрыс болыңыз. Халық полиция мен Ұлттық ұланның үнемі күзетте екеніне сенімді болуы тиіс», - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаған болатын.

Серіктес жаңалықтары