×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Синоптиктер 23-25 наурыз күндеріндегі ауа райына болжам жасады

22.03.2023, 15:27
Синоптиктер 23-25 наурыз күндеріндегі ауа райына болжам жасады
Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 23-25 наурыз күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, аталған күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Күн шығып, жылынады.

Тек солтүстікте және солтүстік-батыста, 23 наурызда оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда күн райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында жел соғады.