×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Ғарышкер қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен Жер орбитасынан екі тілде құттықтады

22.03.2023, 16:21
Ашық дереккөз

Халықаралық ғарыш стансасында жүрген ғарышкер Дмитрий Петелин Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео «Қостанай жаңалықтары» Telegram-арнасында жарияланды. Петелиннің өзі қостанайлық. Кадрда ғарышкер қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен орыс және қазақ тілдерінде құттықтап жатыр.

«Отандастар, мерекелеріңіз құтты болсын, өздеріңізді күтіңіздер. Ғарыштан Жерге қараудың сәті түсті және мен сіздерге айтқым келеді: бір-біріңізді ренжітпеңіздер және бекер ашуланбаңыздар. Біздің планетамыз үлкен және өте әдемі. Орбитадан қарағанда, мұндай әдемі Жерде қиындық болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен де жарқын мереке – Наурыз», - деп құттықтайды ғарышкер.

 

Серіктес жаңалықтары