×
$
448.98
€
502.45
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.98
€
502.45
₽
5.45

Эколог әрі қоғам белсендісі Лаура Мәлікова ұсталды

Бүгін, 17:42
Эколог әрі қоғам белсендісі Лаура Мәлікова ұсталды

Астанада эколог әрі қоғам белсендісі Лаура Мәлікова ұсталды. Бұған дейін ол биліктің әлеуметтік саясатын сынап, қазақстандықтарды митингіге шығуға үндеген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белсенді әлеуметтік желідегі жазбаларынан кейін полицияға шақырылған

Ұсталғанға дейін Лаура Мәлікова Instagram-дағы парақшасында полиция қызметкерлерінің үйіне келгені туралы видео жариялады.

– Полиция қызметкері келіп, мені жалған ақпарат тарату ісі бойынша куәгер ретінде шақырып жатқанын айтты. Шақырту қағазын күтіп отырмыз, – деп жазды ол видеоның сипаттамасында.

Жазбада Мәлікова полиция қызметкерінен арызды кім жазғанын да сұраған. Алайда ол басын шайқап, арыз иесінің кім екенін айтпаған.

Ulysmedia.kz редакциясы Астана полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Мәлікова кейінгі жазбаларында не туралы айтты?

Белсенді кейінгі жазбаларының бірінде биліктің әлеуметтік-экономикалық саясатын сынға алған. Ол жәрдемақы тағайындау кезінде отбасылардың әл-ауқатын бағалау тәсіліне қарсылық білдіріп, салықтың өсуі мен шағын бизнестің жағдайы туралы пікір айтқан.

Сондай-ақ қазақстандықтарды митингіге шығуға және банктегі депозиттерінен ақша алуға шақырған. Оның болжамынша, мемлекет азаматтардың жинаған қаражатын экономикалық жобаларды қаржыландыруға пайдалануы мүмкін.

Лаура Мәлікова – эколог, заңгер және Қазақстанның практик экологтар қауымдастығының төрайымы. Ол қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысып, экологиялық саясатқа қатысты қоғамдық талқылауларға қатысады.

Сізге қызық болуы мүмкін