×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Еліміздегі ер азаматтардың саны белгілі болды

08.05.2022, 16:42
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттіктің мәліметінше, 2021 жылғы соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 9,2 миллион ер азамат бар.

Олардың ең көбі Түркістан облысында тұрады. Күнгей өңірдегі ерлердің саны — 1,05 миллион. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 257 мың ер адам тұрады. Бұл еліміз бойынша ер азаматтар саны аз өңір.

9,2 миллион ер адамның 57% қалада, 43% ауылды жерде тұрады. Қазақстандағы еркектердің орта жасы — 30,2, үйленген азаматтардың орта жасы — 27,9.

Мектептерде білім алушы ұл балалардың саны — 1 834 998.

Мемлекеттік қызметте еңбек ететін ерлердің үлесі 36 687 адам, бұл жалпы мемлекеттік қызметшілердің 44,3% құрайды.

Соңғы санақтағы дерекке сүйенсек, Қазақстан халқының саны — 19 миллион 42,1 мың адам.