×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстандықтар алтын құймаларды көптеп сатып ала бастады

24.03.2023, 15:49
фото: ашық дереккөзден

Өткен айда елдегі екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 83 келі алтын құйма сатылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, ақпанда сатылған алтын құймалар саны –  2 653.

“Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын  Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 4,0 тонна 117 862 алтын құйма сатылды”, – деп мәлім етті ведомство.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 30 542 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 26 348 дана (22%), 100 грамдық құйма – 23 975 дана (20%), 20 грамдық құйма – 23 336 дана (20%) және 50 грамдық құйма – 13 661 дана (12%). Алтын құймалар Алматы, Астана және Атырау қалаларында көп сатылады.

Бағдарлама  жүзеге асқалы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 496,2 келі 19 724 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған құймалардың 17%-ы. 

Серіктес жаңалықтары