×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ChatGPT пайдаланушыларының жеке деректері желіге шығып кетті

25.03.2023, 17:13
ChatGPT пайдаланушыларының жеке деректері желіге шығып кетті
Ашық дереккөз

20 наурызда ChatGPT-тің жасанды интеллекті бұзылып, пайдаланушылардың жеке деректері жария болып кетті. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Нейрондық желіні әзірлеген OpenAI компаниясы қателік ашық бастапқы кітапхананың жұмысында орын алғанын мәлімдеді.

Нәтижесінде кейбір пайдаланушылар басқа белсенді пайдаланушының атын және тегін, чат тарихындағы атауларды, электрондық пошта мекенжайын, есепшот мекенжайын, несие картасы нөмірінің соңғы төрт санын және жарамдылық мерзімін көріп алды.

Компанияның хабарламасына қарағанда, қателіктің салдарынан пайдаланушылардың 1,2% зардап шеккен.

«Деректері шын мәнінде басқа біреуге ашылған пайдаланушылардың саны өте аз деп санаймыз», - делінген OpenAI мәлімдемесінде.