×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Арон Атабек бостандыққа шықты - сот шешімі

01.10.2021, 13:48
Арон Атабек бостандыққа шықты - сот шешімі
Фото: Ашық дереккөзден

Саяси диссидент Арон Атабектің бостандыққа шыққаны туралы ақпарат соттың сайтына шықты.

Арон Атабек бостандыққа шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz. Павлодар облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

«2021 жылдың 01 қазанында Павлодар қ. №2 сотымен «АП-162/1 мекемесі» РММ-нің Арон Едигеевке қатысты, оның науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

Сотталушы келесі емделмейтін аурумен ауырады: «М50.0. Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы (G99.2).  М50.1. Жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті - демиелинизирлеуші ауруы және т.б.

Осы ауру Қазақстан Республиасының  Ішкі Істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы №530 бұйрығымен бекітілген науқастануына байланысты жазасын өтеуден босатудың негізі болып табылатын сотталғандардың аурулар Тізбесіне кіреді», - делінген баспасөз релизінде.

Сот шешімімен Аран Атабектің бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды.

«Заң талаптарына сәйкес, (ҚК-тің 75 бабының 2 бөлігі), өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар.

Арон Атабек — қазақстандық оппозиция жетекшісі, ақын, публицист, саяси белсенді, Шаңырақ ықшам ауданындағы “жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, полицияны өлтірді, сондай-ақ тұтқында кепілгер ұстады” деген айыппен 2006 жылы қамалған болатын. Арон Атабектің полицейдің өліміне кінәсі дәлелденбеді. Соған қарамастан 2008 жылдың 5 қазанында Алматы қалалық соты Аронды 18 жылдық қатаң режимге соттады. Сот шешімі бойынша оны бостандығынан айыру уақыты 2006 жылдың 17 шілдесінде басталып, 2024 жылдың 16 шілдесіне дейінгі аралық есептелген.