×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Qnet қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен тағы бір адам ұсталды

28.03.2023, 08:31
фото: ашық дереккөзден

Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарналарының есебінен басқа қатысушыларды байыту мақсатында қайта бөлген.

Айта кету керек, Qnet қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылған. Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ, оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

“Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Qnet Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген.  Бұған дейін қаржы пирамидасын құрған адам ұсталғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары