×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Жаңаөзендегі мұнай компаниясының аумағында химиялық реагенттер жанып кетті

28.03.2023, 18:20
Фото: Ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның 27 наурыз күні кешкі уақытта болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, мұнай кәсіпшілігінің сервистік компаниясының аумағында бір тонналық пластикалық цистерналардағы химиялық реагенттер жанып кеткен.

Өрт кезінде көлік тіркемесі зақымданған. Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік өрт болғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары