×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Жақсы-жаманды таразылайтын уақыт алда - Назаров "сөйледі"

29.03.2023, 21:11
Фото: Ашық дереккөз

Журналистерді көзіне ілмей жүрген жаңа депутат Ардақ Назаровтың әрекеті бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құлағына жеткені белгілі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс төрағасы бүгін депутатпен сөйлескен болуы керек. Депутат-спортшы кешке қарай әлеуметтік желідегі парақшасына жуасыған жазба қалдырды.

"Аллаға шүкір, бүгін халқымыздың алдында Ант беріп, жаңа жауапкершілікті өз мойнымызға жүктедік.

Маған шын ниетпен тілекші болып отырған ағайынға алғысымды білдіремін!

“Біраз сұрақтарға жауап берілмеді” деп уайымдап отырғандарыңызды білемін. Біз спортшымыз ғой, рингке қыздырынбай кірмейміз. Дәл сол сияқты, саяси рингте де қыздырынып, жан-жақты бағамдап, ішкі кухнясын көріп барып жауап бергеніміз дұрыс болады.

Жақсы-жаманды таразылайтын, баға беретін уақыт әлі алда.

Айтпақшы журналистер қауымына алғысымды білдіремін, бізді саяси майданға кірместен бұрын шыңдап жатырсыздар", - делінген Назаровтың жазбасында.

Серіктес жаңалықтары