×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Шетелдіктер Каспий арқылы Қазақстанға тұрақты түрде есірткі жеткізіп отырған

31.03.2023, 09:38
ҰҚК

Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастырған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті.

Комитет қызметкерлері Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады. Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланған.

2023 жылғы 26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.

“Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілді. Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылды. Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 кг-дан астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылды. Осы іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізілуде”, – делінген ведоство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары