Елордада сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кәсіпкерлер мен мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, «Байқоңыр» ауданының №2 сотында «Евраскон» ААҚ (Әзірбайжан Республикасы) компаниясының өкілдері З. Исмиевке, Г. Гадировқа және «Аймереке» ЖШС директоры А. Байкенжеге қатысты істі қарау аяқталды.
Олар мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын қайта қарағаны үшін Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына пара берді деген күдікке ілінген.
“Осы жылғы 27 наурыздағы сот үкімімен аталған адамдар пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, пара беруге итермелегені үшін Б. Керейтбаев пен Г. Шөкенов кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, адамдар тобында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Астана қаласы бойынша ІМАД маманы Д. Төлеубаев кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған адамдардың барлығы да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылған”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тергеу әрекеттерін жүргізуге белсенді кедергі келтірген Д.К. Төлеубаевтың туысы – А.А. Әкімбаевты (теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы жедел полиция қызметкері) кінәлі деп танылды. Ол билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық жасап, жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталушыларды айыптайтын заттай дәлелдемелерді жасырған. Сот оның бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді.