Қоғам белсендісі Арайлым Назарова әділ сайлау өткізу үшін сайлау туралы заңға өте көп өзгеріс енгізу керектігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның сөзінше, бақылаушылардың құқығын кеңейтіп, сайлауда дауысты санау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар ол бақылаушыларды учаскеден шығару – комиссия мүшелерінің шешімімен болмауы керектігін атап өтті.
«Тек сот шешімімен ғана бақылаушыны учсаскеден шығарып жіберетіндей жағдай болуы керек. Олай болмаған жағдайда сайлау комиссиясының мүшелері сол жерде қожайын секілді жүреді», - дейді қоғам белсендісі.
Арайлым Назарова Қылмыстық кодекстегі заңдарды күшейтіп, фальсификация жасаған комиссия мүшелерін, төрағасын, орынбасарын қатаң жазаға тарту керек деп мәлімдеді.