Қырғызстанның Кадамжай ауданында, қырғыз-өзбек шекарасындағы "Чечме" өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал 11 көлікті соғып өтіп, адамдарды қағып кетті. Салдарынан сегіз адам қаза тапты, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz АКИргеѕѕ-ке сілтеме жасап.
Үрейлі апат сенбіде түстен кейін болған. Тралдың тежегіштері істен шыққаны хабарланып отыр. Жүк көлігі сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жүргізуші Қырғызстаннан Өзбекстанға бет алған еді.
Қаза болғандардың арасында Қырғызстан ТЖМ-нің екі қызметкері бар.
Оқиға орнында Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары тиісті тексеру жүргізіп жатыр.