Түркістан облысы Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Өрт орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.
Оқиға орнынан 50 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар.
«Өрт 22.11-де оқшауланды, 22.30-да жойылды», - деп хабарлады ТЖМ.
Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығын анықталуда.