×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Brent мұнайының бағасы күрт өсті

03.04.2023, 08:03
фото: ашық дереккөзден

Brent мұнайының бір баррелінің құны 6,43%-ға, яғни 85,03 долларға дейін өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Лондонның ICE биржасында 2023 жылдың маусымында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 7 наурыздан бері алғаш рет 85 доллардан асты.

Дүйсенбідегі сауда-саттық нәтижесі бойынша, сағат 04:23-ке қарай Brent баррелі 85,45 (өсім - 6,96%) долларға жетті.

Сонымен қатар 2023 жылдың мамырында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 7,15% қымбаттап, баррелі 81,08 долларға жетті.

2 сәуірде бірқатар ОПЕК+ елдері, оның ішінде Қазақстан күтпеген жерден мамыр айынан бастап жылдың соңына дейін мұнай өндіруді қысқартатынын жариялады.

Қысқартудың жалпы көлемі – тәулігіне шамамен 1,65 млн баррель болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары