×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алматы облысының экс-бас полицейіне халықаралық іздеу жарияланды

03.04.2023, 10:04
time.kz

Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың елден қашып кеткені расталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол бүгін де сот отырысына келмеген. Отырыста прокурор Күдебаевқа іздеу жариялауды ұсынды.

Көп ұзамай ҚР ҰҚК Шекара қызметі жоғары шенді полицейдің елден қашып кеткені жайлы деректі растап, оған іздеу жарияланғанын мәлім етті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ulysmedia.kz Серік Күдебаевтың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткенін хабарлаған болатын. Порталымыз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады.

Еске салайық, Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. Енді Күдебаевқа тағылған айыптардың барлығына қашу дерегі қосылады. Іспен арнайы прокурор айналысып жатыр.

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

28 ақпандағы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы алғаш рет 10 наурызда кейінге шегерілген болатын.

Үкім шығарылады деп жоспарланған 16 наурыздағы сот отырысы да өтпей қалды.  Жетісу облыстық сотының ресми өкілі 27 наурыздағы отырыс та кейінге шегерілгенін мәлімдеген.

Күдебаев 30 наурызға жоспарланған отырысқа де қатыспағандықтан, оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Серіктес жаңалықтары