×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Ақтөбеде арбаға таңылған ер адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

03.04.2023, 12:18
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, ақтөбелік жұп мүгедек арбасына таңылған адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеу арқылы күніне 5-6 мың теңге пайда тапқан.

«Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп қайыр сұрауға мәжбүрлеу фактісін анықтады. Ақпан айында ерлі-зайыптылар 46 жастағы мүгедек арбаға таңылған ер адамды Шымкенттен Ақтөбеге әкеліп, қорқытып және зорлық-зомбылық жасау арқылы қайыр сұрауға мәжбүрлегені белгілі болды», - деді ІІМ өкілі.

Күдіктілер мүгедекті күн сайын таңертеңнен кешке дейін базарлардың маңында, ал жұма күндері мешіттердің жанында ұстаған.

Полиция осы факті бойынша Қылмыстық кодестің 128-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары