×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Аудиторлар Қазақстанда төселген тасжолдардың неліктен тез тозатынын анықтады

04.04.2023, 15:19
фото: ашық дереккөзден

Жоғары аудиторлық палата өкілдері елдегі жол сапасын жақсартуға бағытталған жобаларға бөлінген қаражатты игерудегі кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Нарықтың отандық жол-құрылыс материалдарымен жеткілікті толықтырылмауы, битум сапасының нашар болуы және жолдарды салу мен жөндеудің өзіндік құнына әсер ететін жүк вагондарының жетіспеушілігі бар. Мысалы, 2021 жылы Ұлттық сапа орталығы жол битумының 1400-ден астам сынамасын зерттеген. Оның 300-і сапасы бойынша нормативтердің талаптарына сәйкес келмейді», - делінген палатаның ақпаратында.

Аудиторлар дерегінше, Павлодар мұнай-химия зауытының 183 сынамасы, Caspi Bitum-ның 108 сынама, «Қазақбитумның» 7 сынамасы бар.

«Салдарынан асфальт-бетон жабыны тез бұзылады, қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі қысқарады», - деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, бұдан бұрын жол құрылысына бөлінген қаржыны миллиардтап жымқырған шенділердің үстінен 29 іс қозғалғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары