×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қырық жамау жолдар: ел қаржысын миллиардтап жымқырған шенділердің үстінен 29 іс қозғалды

15.02.2023, 11:23
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еліміздегі көлік жолдары саласының жай-күйін тексерудің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, көлік жолдарын салу және жөндеу кезінде жымқыру және сыбайлас жемқорлықтың көптеген фактілері анықталған. Құқық бұзушылықтар бюджет қаражатын заңсыз шығару схемаларында көбінесе бір мердігер ұйымдары болған.

“Атап айтқанда, осындай фирмалардың бірінің өкілдері Ақмола өңірінің Қоянды кентінде 907 млн теңгеге күрделі жөндеу және жергілікті жол құрылысын жасамағандығы белгілі болды. Бүгінгі күні шарт бұзылды, өңірдегі прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап, оның шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың мән-жайлары анықталуда”, – делінген ведомство хабарламасында.4

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында облыстық жолдарды жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары қамауға алынып, жауапқа тартылды. Жұмыстарды қабылдау туралы жалған актілер бойынша жолдың жоқтығына қарамастан, миллиондаған мемлекеттік қаржыны аударған.

Бұдан бөлек, аудан прокурорларының араласуынан кейін Аршалы ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Екатеринбург-Алматы автобанынан Берсуат ауылына дейінгі учаскені күрделі жөндеу бойынша 1,1 млрд теңгеге заңсыз шарт жасасқаны үшін теріс себептермен жұмыстан босатылған.

Прокурорлар бюджеттің негізсіз шығындарының жолын кесуге ерекше назар аударған. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 млн-нан астам бюджет қаражатын артық жұмсау фактісінің алдын алынды және басшылық буындағы кінәлі лауазымды тұлға лайықты тәртіптік жазаға тартылды.

“Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 300-ден астам заң бұзушылық анықталды, 30 млрд теңге сомасына бюджет шығындарының алдын алынды, мемлекет кірісіне 2,5 млрд теңге өтелді, 29 қылмыстық іс қозғалды, 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлады Бас прокуратура.

Серіктес жаңалықтары