×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Қазақстан Ресейге әскери техника жеткізеді": Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

06.04.2023, 20:36
Ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігі Ресейге «әскери техниканы жеткізу» туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство “Қазақстан Ресейге әскери техника жеткізе бастады” деген жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы техника жоспарлы жауынгерлік дайындық сабақтарынан жіберілген. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Еске салайық, мұндай жалған ақпарат Қазнетте бірінші рет таралып отырған жоқ, ақпан айында Қазақстан Украинаға әскери техника жеткізеді деген ақпарат тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары