×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Олигарх Шадиев әлі күнге дейін мемлекетке 13,9 млрд теңге қарыз

07.04.2023, 19:13
Ашық дереккөз

Таратылған Capital Bank Kazakhstan иесі, кәсіпкер Орифжан Шадиевтің ҚР Ұлттық банкіне қарызы 13,9 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Шадиев мырза 2017 жылы Ұлттық банктің Капитал банкке берген несиесінің кепілгері болған. Менің есімде қалғаны, 20 миллиард теңге несие берілген. 7,4 миллиард теңгені банк қайтарған. Сот шешімімен Шадиев мырзаның қарызы 15,9 млрд теңгені құрап отыр. Бүгінгі күні ол 1,8 млрд теңгені қайтарды, қарыздың қалдығы 13,9 млрд теңгені құрайды», - деді Пірматов жұма күнгі баспасөз конференциясында.

«Біз әкімшілік іс жүргізу аясында Шадиевтің қалған қарыз сомасын толығымен қайтару бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп қосты Ұлттық банк басшысы.

Ұлттық банк төрағасы ведомство бұл қаражатты толық қайтару жұмыстарын жалғастырады деп сендірді.

Серіктес жаңалықтары