×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Алматылықтарға қар көшкіні туралы ескертілді

08.04.2023, 15:07
Ашық дереккөз

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына сәуірдің 12-не дейін таулы аймақтарда серуендеуден бас тартуға кеңес береді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды

Ведомство жазбасында айтылғандай, 8-12 сәуір аралығында күннің күрт жылынуы, қатты жауын-шашын күтілуіне және Үлкен, Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

«Сонымен қатар, тауларда екпіні секундына 22 метрге жететін күшті батыс жел соғады.Осыған байланысты қар көшкінін тудырмау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, ең дұрысы. тауда серуендеуден бас тартуларыңызды сұраймыз», - деп жазды ТЖД-дан.

Тауда қалған туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.

Серіктес жаңалықтары