×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанадағы митинг: феминистер биліктегі гендерлік теңсіздікті әшкереледі

08.04.2023, 16:32
Астанадағы митинг: феминистер биліктегі гендерлік теңсіздікті әшкереледі
Ашық дереккөз

Құқық қорғаушы және қазақстандық «Феминита» феминистік бастамасының негізін қалаушы Жанар Секербаева биліктегі гендерлік теңсіздік жайында айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы митингіде сөйлеген сөзінде Секербаева патриархалдық жүйенің кесірінен Қазақстандағы әйелдердің мемлекеттік органдарда аз өкілдік ететінін мәлімдеді.

"Менің жолым – тек мемлекетті басқару. Өйткені ер адамдар тұрғанда, біз ешқашан өкілдік етпейміз. Мәжілісте, сенатта, мәслихатта 18 пайыздық қана өкілдігіміз бар. Бұл әділетті ме? 2006 жылдан бері 30 пайызға да жете алмай келеміз. Бұл ұят!», — деді белсенді.

Еске салайық, бүгін Астанада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шеру мен митинг өтіп жатыр.

8 наурызда Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өткен болатын - оған қыздар мен ұлдар плакаттар көтеріп келді. Олар отбасындағы зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды, зорлаушыларға жазаны күшейтуді және әйелдер құқығын сақтауды талап етті. Ақпанның 5-і күні Алматыда әйелдердің бейбіт жиналысқа қатысу құқығын қорғау акциясы өтті.

30 қаңтарда Астанада қудалауға қарсы митинг өтті.