×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қаңтар оқиғасы кезінде Орталық музей жәдігерлерін сақтап қалған маман жұмыссыз қалды

09.04.2023, 16:08
Қаңтар оқиғасы кезінде Орталық музей жәдігерлерін сақтап қалған маман жұмыссыз қалды
Ашық дереккөз

Қаңтар оқиғасы кезінде Орталық музей жәдігерлерін сақтап қалуға күш салған маман Бибігүл Дандығараева жұмыссыз қалды. Бұл туралы мәдениет жанашыры Айдар Қырықбай әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Автор Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтан көмек сұрайды.

“Ел басына күн туған Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Орталық музейдің құнды жәдігерлерін сақтап қалған, Президентіміз құрған Ұлттық кеңестің мүшесі Дандығараева Бибігүл музейге жаңадан келген басшы Рашида Ерімқызының кесірінен жұмыссыз қалды.

Асхат Раздықұлы! Бүкіл өмірін музей саласының дамуына арналған, Қаңтар оқиғасы кезінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Парасат " орденімен марапаттарған мықты маман Бибігүл Дандығараеваның ел үшін атқарған еңбегін елеп, музей басшылығы Рашида Ерімқызының қателігінің күшін жоюға көмек беруіңізді сұраймын!

Неге вице-министр және мәдениет комитетінің төрағасы саяси қателік жіберді?

Құрметті Асхат Раздықұлы! Сіз Әділетсіздікті жойып, әділдікті орнатады деп сенемін”, – делінген Айдар Қырықбайдың жазбасында.