×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

"Үйге азық-түлік ала алмаймыз": судья экс-вице-министрге 20 млн теңгеге төлем шотын қойған

11.04.2023, 09:38
видеодан скриншот

Судья Ибрагим Әлкеновтың шешімі бойынша сот орындаушысы бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке 20 млн теңгеге төлем шотын қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мен сот орындаушысына қоңырау шалып, бұл карта менің жалақы алатын картам және отбасымның жалғыз табыс көзі екенін айттым. Ол мұның судья Ибрагим Әлкеновтың тапсырмасы екенін жеткізді. Міне, бізде осындай судьялар бар. Енді үйге азық-түлік сатып алу да мүмкін емес. Ештеңе мүмкін емес", - деп жазды Олжас Әбішев желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Әбішевке 5 және 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын берді. Олар қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды. Кейінірек экс-шенеуніктер апелляциялық сотқа шағымданғанымен, үкім күшінде қалды.

Серіктес жаңалықтары