×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Астана полицейлері алғаш рет жаңаөзендік жұмысшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді

11.04.2023, 21:39
Ашық дереккөз

Астана полиция департаменті жаңаөзендік жұмысшылардың ұсталуына қатысты алғаш рет түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олардың айтуларынша, жаңаөзендіктер «Бейбіт жиындар туралы» заңды бұзғаны, сондай-ақ тиісті органға митинг өткізу туралы өтініш бермей, рұқсат етілмеген орында рұқсат етілмеген митингі өткізгендері үшін ұсталған.

Мұнайшылар Қылмыстық кодекстің ескерту жасауға немесе отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғатын баптары бойынша әкiмшiлiк жауапқа тартылады.

Олардың әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Сәуірдің 11-і күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстап әкеткен болатын.

Алғашында жұмысшыларды қоршауға алған полиция қызметкерлері содан кейін барлық жүктерін алдын ала жинап алып, арнайы автобустарға тиеді.

Бейнежазбадан жұмысшыларды тәртіп сақшыларының қалай күштеп ұстағанын көруге болады.

Ер азаматтар Астанаға Жаңаөзеннен келген, өздері түсіндіргендей, олар шарасыздықтан жолға шыққан. Айтуларынша, «Берәлі Маңғыстау» компаниясы тендерде жеңіліп, барлығы жұмыссыз қалған.

Жаңаөзендіктер жұмыс істеуден бас тартып, Тоқаевтан Астанадағы ереуілге шыққан мұнайшыларды босатуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары