×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Уран экспорты: Қазақстан Шығыс Еуропа нарығында Ресейді алмастыруы мүмкін

13.04.2023, 08:33
Уран экспорты: Қазақстан Шығыс Еуропа нарығында Ресейді алмастыруы мүмкін
newizv.ru

Шығыс Еуропаның кейбір елдері Ресейдің ядролық отынына тәуелділікті азайту үшін Қазақстанмен келісімшарт жасауға дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, қазақстандық "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы өз атом электр станциялары үшін ресейлік байытылған уранды сатып алатын Шығыс Еуропа елдері үшін жаңа жеткізуші бола алады.

Компанияның бас директоры Ержан Мұқановтың айтуынша, кейбір шығыс еуропалық атом электр станциялары 2025 жылдан бастап келісімшарт жасау жолдарын қарастыруда. Ол геосаяси белгісіздік кейбір электр өндірушілерді ядролық отын қорын көбейтуге мәжбүрлейтінін атап өтті. Мұқанов "Қазатомөнеркәсіп" өндіруге қорлар дайындап жатқанын, сондықтан компания нарық сұраныстарына жауап бере алатынын айтты.

Сондай-ақ, 2023 жылы "Қазатомөнеркәсіп" уранды Қытай порттарының бірі арқылы тасымалдайтын үшінші экспорттық маршрутты ашуды жоспарлап отыр. Қазір ел атом отынын Ресей арқылы және Каспий және Қара теңіздер арқылы экспорттайды.

Қазақстан әлемдегі уранның 40%-дан астамын өндіреді.

Айта кетейік, Ресей Украинада соғыс басталғанға дейін АҚШ-қа және ЕО аумағындағы бұрынғы кеңестік республикаларға уранның негізгі жеткізушілерінің бірі болған.

Бұдан бұрын Қазақстан Ресейге уран экспортын күрт өсіргенін хабарлағанбыз. 2023 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясына жалпы сомасы 2 228,6 млн долларға 1,8 мың тоннаға жуық табиғи уран сатылған.