Каспий құбыр консорциумы Теңіз терминалында мұнай жеткізудің тоқтатылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындардың жағымсыз иіске қатысты шағымына байланысты терминал жұмысын тоқтатуға тура келген.
Белгілі болғандай, 10 сәуірден бастап Новороссийскінің бірқатар БАҚ-ында мұнай өнімдерінің жағымсыз иісі және ықтимал экологиялық проблемалар туралы хабарламалар жарияланған. Кәсіпорын тұрғындардың әлеуметтік желідегі арыз-шағымдарын да ескеріп, осыған байланысты мұнай жеткізуді жоспарлы түрде тоқтатқан.
«10 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін КҚК теңіз терминалы ТЛУ арқылы мұнай жеткізудің жоспарлы тоқтатылуына байланысты резервуар паркіне мұнай қабылдамайды. Тиісінше, КҚК қондырғылары жағымсыз иіс тудыратын органикалық қосылыстар көзі болған емес», - делінген КҚК хабарламасында.
Айта кетерлігі, Каспий құбыр консорциумының тоқтап қалған әрбір жұмыс күні компания мен тұтынушыларға миллион баррель шығын әкеледі – бұл әлемдік жеткізу нарығының 1%-ы.
Бұдан бұрын ақпан айында да КҚК қазақстандық мұнай жөнелтуді тоқтатқан болатын. Ол кезде ауа райының қолайсыздығы – қатты дауыл мен биік толқын себеп болды.