×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Ресей халқының саны азайып барады: мемлекет миллиондаған мигрантқа мұқтаж

13.04.2023, 12:13
spark.ru

Ресей халқының санын 146 миллион адам деңгейінде сақтау үшін ғасыр соңына дейін жыл сайын 0,39-дан 1,1 миллионға дейін мигранттарды тарту қажет. Бұл туралы елдегі Ұлттық зерттеу университетінің А.Г. Вишневский атындағы демография институты ғалымдарының көші-қон туралы материалында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ғалымдар Валерий Юмагузин мен Мария Винниктің пайымынша, көші-қон ағыны болмаған жағдайда, тіпті ең қолайлы сценарийдің өзінде Ресей халқының өсуі мүмкін емес.  Оптимистік сценарийде бір әйелге 2,5 баладан келіп, ал ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы сәйкесінше 85,7 және 90,5 жасқа дейін болса, мигранттар ағынына мұқтаждық 2036 жылға дейін сақталады. Мамандар орташа есеппен 2100 жылға дейін елге көшіп келушілердің қатары сиремеуі керек деп есептейді.

Ал  пессимистік сценарийде туу коэффициенті бір әйелге 1,4 балаға дейін төмендеп,  ерлер мен әйелдерде өмір сүру ұзақтығы сәйкесінше 74,9 және 83,6-ға дейін төмендейді. Бұл жағдайда халық санын ұстап тұру үшін жыл сайын 1,1 млн мигрант келуі қажет. Мигранттар келмеген жағдайда, 2100 жылға қарай Ресей халқы 67,4 миллион адамға дейін азаюы мүмкін.

Росстаттың мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында ел халқының саны 146,45 миллион адамды құрады, бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 0,5 миллион адамға аз. 2018 жылдан бастап Юмагузин мен Винниктің болжамы бойынша халық санының төмендегені нақтыланды, бұл үрдіс 2070 жылдардың ортасына қарай жалғасады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары