×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Астана әуежайының маңын қою түтін тұмшалады

13.04.2023, 14:05
видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Астана әуежайы маңындағы қою түтіннің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қалалық ТЖД әуежайы маңында қамыс өртеніп жатқанын мәлім етті.

«13 сәуір күні сағат 12:28-де Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшесі халықаралық әуежай жаққа қарай шақырту бойынша жолға шықты. Оқиға орнына жеткен кезде қураған ағаштар мен қамтыстың өртеніп жатқаны анықталды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1 гектар болады», - деп хабарлады ведомство.

Департамент дерегінше, қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Каспий жағалауында бірнеше күн жанған қамыс түтіні Атырауды басып қалды.

Серіктес жаңалықтары