×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Атырауды қою түтін тұмшалады

03.04.2023, 08:34
ТЖД

Түтінге тұншыққан атыраулықтар желіде шағымданып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенген.

«Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс жанып жатыр. Бұл – Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы аумақ. 2 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 19:00 шамасында қамыс өрті шамамен 85 гектар аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері 80 гектар аумақтағы өртті сөндірді. Жел екпіні өртті сөндіруге қиындық келтіріп тұр. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ»,  – делінген хабарламада.

Теңіз жағалауындағы 5 гектардағы қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер, 2 техника, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 30 адам, 9 техника, 2 қайық, 4 мотопомпа тартылған.

Серіктес жаңалықтары