×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жылу да, су да жоқ: Екібастұз тұрғындары тағы да тоңып отыр

16.04.2023, 11:51
Жылу да, су да жоқ: Екібастұз тұрғындары тағы да тоңып отыр
Ашық дереккөз

Екібастұз тұрғындары тағы да пәтерлеріің суық екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде осы тақырыптағы шағымдар пайда болды. Екібастұздықтар ыстық су да, жылу да жоқ деп жазып жатыр.

Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанның солтүстігінде ауа райының нөлден төмен температурасы сақталып тұр. 

«Қалада жылу да, су да жоқ», «ЖЭО-ның әдеті сол: ең суық күндер келген кезде әдейі жылуды өшіреді», «Ыстық су да, жылу да жоқ, жаңа Қазақстан гүлденуде», - деп жазады қала тұрғындары желіде.

Еске салайық, 14 сәуірде ауа райының қолайсыздығына байланысты 500 киловольттық L-5170 Екібастұз - Ағадыр электр желісі ажыратылған болатын.

Сәуірдің 15-і күні «KEGOC» АҚ апаттың жөнделгенін хабарлады.

Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Екібастұз жылу электр орталығындағы мәселелерге тоқталып, олигарх Клебанов бақылайтын кәсіпорынның неліктен аянышты жағдайда тұрғанына жауап берген еді.