×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Бердімұхамедов Қадір түніне орай 500-ге жуық сотталушыға рақымшылық жасады

17.04.2023, 17:49
dknews.kz

Түркіменстанда қасиетті Қадір түніне орай 463 сотталушыға рақымшылық жасалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Туркменистан сегодня" басылымының жазуынша, тиісті Жарлыққа республика президенті Сердар Бердімұхамедов қол қойды.

Түрікменбашы өзінің шешімі туралы 15 сәуірде министрлер кабинетінің отырысында жариялады. Ол жасаған ісіне өкінген сотталғандарға кешіріммен қарау дәстүрге айналғанын атап өтті.

"Біз ұлы ата-бабаларымыздың мейірімділігі мен гуманизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып, оларды жазасын одан әрі өтеуден босату бойынша игі істі қолға алдық", - деді кіші Бердімұхамедов.

Ол құқық қорғау органдарының басшыларына рақымшылық жасалғандарды тезірек босату үшін шаралар қабылдауды тапсырды, ал өңірлердің хякимдеріне (әкімшілік басшыларына) осы адамдарды жұмысқа орналастыру міндетін қойды.

Түркіменстанда тұтқындарға рақымшылық жасау шаралары үнемі өткізіліп тұрады. Осылайша, соңғы бес жылда елде 20 мыңнан астам сотталушы босатылды.

Серіктес жаңалықтары